Қоғам
"Наурызнама онкүндігі". Жамбыл облысында "Қайырымдылық күні" қалай өтеді
- авторjambylinfo.kz
- 15 наурыз, 2024
- 643
«Наурызнама онкүндігіне» сәйкес 15 наурыз күні қазақстандықтар «Қайырымдылық» күнін атап өтіп жатыр. Аталған акция аясында Жамбыл облысында да қайырымлыдық шаралары ұйымдастырылады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды.
Бүгін Жамбыл облысында да тұрмысы төмен отбасылар мен мұқтаж жандарға қайырымдылық жасалады деген жоспар бар. Атап айтсақ, осы күні жастардың «Ардагерлерді ардақтайық» қайырымдылық акциясы өтіп, облыстағы қарттар үйінде, дағдарыс орталықтары мен балалар үйінде концерттер өтіп, волонтерлар көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Қоғам
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024