«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары тағайындалды
- авторjambylinfo.kz
- 13 тамыз, 2020
- 432
«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің 7.08.2020 жылғы №116JQ бұйрығымен партияның Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып Мәтен Мәди Мейірбекұлы тағайындалды.
Мәди Мейірбекұлы - 1984 жылдың 16 маусымында Жуалы ауданы, Қайрат ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Жуалы ауданында «Баспахана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бастаған. 2005-2009 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің бас маманы, 2009-2010 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің жетекшісі, 2010-2011 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі жетекшісі, 2011-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, 2012-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, басшысы, 2017-2019 жылдары облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.
2019 жылдың қазан айынан бастап облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкіл қызметін атқарып келді. 2006 жылдан «Nur Otan» партиясының мүшесі. Отбасылы, 5 бала тәрбиелеп отыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жемісті жобаның рахатын көруде
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024