жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
ашық дереккөзі
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша кезекті рет онлайн қабылдау өткізді.

Тараз қаласының тұрғыны Злиха Ерназарова Сүлейменов көшесіндегі үйіне газ кіргізу мәселесін шешуді сұрады. Оның айтуынша, магистральдық газ құбырын жүргізу кезінде барлық жағдайлар ескерілмеген.

Облыс әкімі өзінің орынбасары Ұлан Жазылбекке бұл жағдайды арнайы тексеруді тапсырды.

Осыдан үш жыл бұрын 14 жасар жасөспірім Бекзат Үмбетәлиевтің өмірін қиған қайғылы оқиғаны тараздықтар әлі күнге дейін ұмыта қойған жоқ. Ол каналға құлаған қызды құтқармақ болып, өзі электр тоғынан түсіп қайтыс болған. Тараз тұрғыны Талант Нұрғожаев әкімнен қайтыс болған жасөспірімнің құрметіне ескерткіш орнатуды сұрайды.

- Бекзат батылдық пен жанқиярлықтың үлгісін көрсетті. Оның ерлігі ұмытылмайды. Сіздің ұсынысыңызды міндетті түрде қарастыраитын боламыз, - деп жауап берді оған аймақ басшысы.

Облыс орталығының тұрғыны Айда Қасымбекова «Аса» шағын ауданында заңсыз жүріп жатқан сауда нысанының құрылысы туралы айтты.

- Мен бұл мәселеден хабардармын. Тұрғындар осы туралы әлеуметтік желілерде көтерді. Қала әкімі Айтқазы Қарабалаевқа аталған нысанның құрылысының заңдылығын тексеру тапсырылды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы да бұл іске тартылатын болады, - деп жауап берді облыс әкімі.

"Dombyra" телеарнасының директоры Қанат Ержігітов "Ұлы дала әуендері" жобасы арқылы біздің өңірді көрсеткісі келетінін жеткізді. Жобаның басты мақсаты – сирек кездесетін қазақ музыкалық шығармаларда халыққа кеңінен насихаттау.

Бердібек Сапарбаев қазіргі уақытта коронавирус пандемиясына байланысты карантиндік талаптарды мүлтіксіз сақтау қажеттігін алға тартты.

- Эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін біз міндетті түрде бұл туралы қарастыратын боламыз, - деп мәлімдеді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар