сенбі, 23 қараша, 2024 16:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері марапатталды

Прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері марапатталды
ашық дереккөзі
Прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері марапатталды

Облыс әкімдігінде прокуратура органдарының ардагерлері мен үздік қызметкерлеріне кәсіби мерекелеріне орай құрмет көрсетілді.

Онда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтау сөз сөйледі.

- Прокуратура органдары үшін ұрпақтар сабақтастығы ерекше маңызға ие. Аға буын жас мамандарға тәлімгер болып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, үйретеді. Соның арқасында прокурорлар заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша өздерінің конституциялық функцияларын абыроймен атқарып, мемлекеттің сенімді тірегі ретінде қызмет етеді, облыс экономикасының дамуына өз үлестерін қосады, - деп атап өтті облыс әкімі.

Айталық, жалақы бойынша берешектерді өтеу мәселесі жүйелі түрде шешілуде, қазірдің өзінде 600 миллионнан астам теңге төленген. Жергілікті атқарушы органдармен бірге пайдаланусыз жатқан жерлерді қайтару жұмыстары да тиісінше жүргізілуде. Жыл басынан бері мұндай 72,1 мың гектар ауылшаруашылық жерлері мемлекет меншігіне қайтарылған.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев прокурорлар «Бейбітшілік пен келісім» жобасын іске асыруға белсенді атсалысуда екенін атап айтты.

- Құрамында облыс әкімі, облыс прокуроры, ҰҚК және полиция департаменттерінің басшылары бар топ келер жылы өңірдің елді мекендерін аралап, ауыл тұрғындарымен кездеседі. Бұл Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының сәтті жүзеге асып жатқанының бір мысалы болары сөзсіз. Құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың өзара тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге деген дайындығы қуантады.  Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Баршаңызға жұмыста табыс, денсаулық және амандық тілеймін! – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, прокуратура органдарының ардагерлері мен үздік қызметкерлеріне «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгілері, облыс әкімінің құрмет грамоталары және алғыс хаттары табысталды.

- Жамбыл облысының прокуратурасы биыл өзінің 80 жылдығын атап өтуде. Барлығына өз кәсіптерінің туын абройлы әрі биік ұстауға тілектеспін, - деді облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров.

- Аға буын әрқашан жас қызметкерлерге қолдау көрсетіп келеді. Ең бастысы, олар мемлекеттің бірлігі, азаматтардың құқықтарын қорғау көбіне прокурорлардың табандылығына байланысты екенін ұмытпауы тиіс, - деп атап өтті прокуратура органдарының ардагері Ерлан Сатыбалдиев.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар