Құрбанға шалынған мал етінен үй иесі өз үлесін ала ма
- авторИндира Тәліпқызы
- 14 маусым, 2024
- 831
Құрбан айт – мұсылмандардың қасиетті мерекесі. Бұл күндері жағдайы бар адам жаппай құрбан шалады. Ал Құрбанға шалынған мал етінен үй иесі өз үлесін ала ала ма? jambylinfo.kz тілшісі бұл сұрақты Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаевқа қойған болатын.
Имамның айтуынша, құрбанға шалынған мал еті үй иесіне де тиесілі.
«Жалпы, құрбанға шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату – мұстахаб яғни абзал. Еттің бір бөлігі – туған-туыс, көршілеріне (олар бай болса да сыйға тартылады), екінші бөлігі – кедей және мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі – өзінің отбасына, бала-шағасына беріледі. Кейбір кісілер еттен мүлде отбасына алып қалмай, түгел таратып жібереді. Бұл қате деуге келмейді. Егер адам шалынған малдың етін түгелдей кедей-мұқтаждарға таратамын десе, өз еркі», - дейді ол.
Сонымен қатар, Ержан Аманбаев құрбандыққа қандай мал шалынады деген сұраққа тоқталды.
«Қасиетті құрбан айт мерекесінде жеті айдан кіші емес еркек немесе ұрғашы кой, екі жасқа толған сиыр, бір жасқа толған ешкі, бес жастан асқан түйе шалуға болады»,-деді ол.
«Құрбанға шалынатын малды сатып аларда саудаласуға бола ма?» деген сауалымызға имам «Әлбетте, саудаласуға болады»,-деп жауап берді.
Еске салайық, Қазақстан мұсылмандары Құрбан айт мерекесін 16 -18 күндері атап өтеді.