Шу ауданындағы «Тасөткел» су қоймасы 90 пайызға толып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 14 маусым, 2024
- 707
«Тасөткел» су қоймасының учаске басшысы Данияр Анарбеков су қоймасы 90 пайызға толғанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Маманның сөзінше, аталған су қоймасы Шу және Мойынқұм аудандарын тіршілік нәрімен қамтамасыз етеді.
«Қазіргі таңда су қоймамыз 90% суға толып тұр. Мұндағы сумен біз Шу және Мойынқұм аудандарын қамтамасыз етеміз. Қазіргі таңда бізде реконструкция жұмыстары жүріп жатыр. Сейсмикалық тұрақтандырудың екінші кезеңі мен апатты суқашыртқының құрылысы аяқталып қалды, сондай-ақ дренажды каналдарымыз реконструкциядан өткізілді. Менің штатымда 11 адам жұмыс жасайды. Біз қыс мезгілінде Созақ ауданына су тастаймыз. Бұл жерге 80 пайыз су Қырғызстаннан Талас өзені арқылы келеді»,- деді «Тасөткел» су қоймасының учаске басшысы Данияр Анарбеков.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін өңірге жұмыс сапарымен келген премьер-министр Олжас Бектенов Жамбыл облысындағы бірқатар нысандарды тексерді.