Роза Рымбаева мұғалімдерді жеке концертіне билет алуға мәжбүрлегені рас па
- авторИндира Тәліпқызы
- 22 мамыр, 2024
- 8.4k
Мұнайлы ауданына қарасты №10 мектеп мұғалімдері мектеп директорын әнші Роза Рымбаеваның концертіне билет алуға мәжбүрледі деп айыптап, президентке бейнеүндеу жолдаған,деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Маңғыстау облысы әкімдігінің чатында Мұнайлы ауданына қарасты №10 мектеп мұғалімдерінің бейнеүндеуі пайда болды. Онда ұстаздар мектеп басшысы Роза Рымбаеваның концертіне билет алуға мәжбүрлегенін айтып, мұны жемқорлық деп атаған. Қазір бұл үндеу әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кетті.
Аталған мәселеге орай, jambylinfo.kz.тілшісі Қазақстан Республикасының Халық әртісі Роза Рымбаеваның директорына хабарласып, әншінің жеке концертіне билеттер мұғалімдерге мәжбүрліктен сатылғаны рас па деп сұрады.
«Кейбір ақпараттық сайттар «Ақтөбе облысының мұғалімдері Роза Рымбаеваның концертіне билет сатып алуға мәжбүр» деген сипатта ақпарат таратып жатыр. Роза Қуанышқызы биыл Ақтөбе облысында жеке концертін өткізген жоқ. Әнші наурыз айының басында Маңғыстау облысына гастрольдік сапармен барғаны рас. Бірақ біз ешқашан билет сату ісімен айналысқан емеспіз. Ұйымдастыру жұмысы облыстық мәдениет басқармасының мойынында",-деді әншінің директоры.
Ұқсас жаңалықтар
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024