Сарысуда көшпелі қоғамдық қабылдау өтті
Көшпелі қоғамдық қабылдау шарасы Жайылма ауылдық округіне қарасты Қызылдихан ауылында ұйымдастырылды.
Шара ауылдық клуб үйінің алдында тігілген шатырда, санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті. Қабылдау өткізген тұлғалар: Сарысу ауданы әкімі - Б.Жақсылықов, аудандық әкімдігінің ауыл шаруашылық, жер қатынастары, ішкі істер бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ішкі саясат, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, ТҮКШ ЖҚ және АЖ бөлімі, аудан әкімінің бас инспекторы - Б.Жұмағұлов қатысып, ауыл тұрғындарын қабылдады.
Аталған шара барысында тұрғындар тарапынан 17 сұрақ қойылып, тиісті жауаптар қайтарылды. Сұрақтардың негізгі бөлігі көше жарығы, жайылымдық жер, шалғай алқаптарға лотокпен су жүргізу, ауыл шаруашылығын несиелендіру тақырыптарына арналды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Президент Жолдауы – жаңғырудың жаңа кезеңі
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Валюта ауырбастау пункттерінде доллар нешеден саудаланып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2024
Қоғам
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024