жұма, 20 қыркүйек, 2024 4:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Төбеден түскен торт»: Тараздық жұптың тойы желі қолданушыларын таң қалдырды

«Төбеден түскен торт»: Тараздық жұптың тойы желі қолданушыларын таң қалдырды
Сурет: видеодан скрин
Жас жұбайлардың үйлену тойы 14 тамызда өткен

Таразда өткен ерекше тойдың бейнежазбасы көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әлеуметтік желідегі бейнежазбаға зер салсақ, салтанатты мейрамхананың төбе жағынан түскен тортты көруге болады. Көпшіліктің назары ауған видео санаулы сағатта 170 мыңнан аса қаралым жинаған. 
Еламан есімді күйеу жігіт  tengri.life тілшісіне берген сұхбатында ерекше тойы туралы айтып берген. Ал, әдемі сәтті таспалаған Еламанның досы екен.   

-    Тортты төбеден түсіру туралы идея мейрамхана әкімшілігі тарапынан айтылды. Бұны көрген туыстарым таңғалып жатты. Көпшілігі мұндайды бірінші рет көріп отырғанын айтты. Жалпы, той өте керемет өтті. Мұндай қызметті тек сол мейрамхана ғана көрсетеді,- дейді күйеу жігіт.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар