«Тұншықтырған»: Жетісу облысында баласын тәрбиеші сабаған сәттегі видеоны көрген ана есінен танып қалды
- авторjambylinfo.kz
- 16 мамыр, 2024
- 745
Жетісу облысы Панфилов ауданындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде жаға ұстатарлық жағдай орын алды: тәрбиеші балаларды ұрып-соғып, қылқындырған. Ал, оның видеосын көрген аналардың бірі есінен танып қалған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Видеода көрініп тұрғандай, тәрбиеші төсекте жатқан баланы тұншықтырған, жерде отырған балаларды ұрып-соққан. Баласының соққы алып жатқанын көрген аналардың бірі есінен танып қалған.
Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл балабақша он күнге жабылғанын хабарлады. Ал, балаларды ұрған екі тәрбиеші жұмыстан қуылған. Полиция депертаменті сотқа дейінгі тергеуді бастап, сот-медициналық сараптама тағайындаған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Қазақстанда қылмыс істеген педофил Ресейде қолға түсті
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024