59 жастағы ер адам үйін мешітке айналдырғаны үшін айыппұл арқалады
- авторjambylinfo.kz
- 16 мамыр, 2024
- 576
Астанадағы Құмбел көшесіндегі жеке үйге жалғасатын ғимаратты мешіт ретінде жабдықтап алып, діни әдебиет сақтаған ер адам анықталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Тұрғындар 102 нөміріне телефон соғып, осы мекен-жайда заңсыз діни ұйым жұмыс істейтінін хабарлаған.
«Тексеру барысында бөлмеден діни әдебиеттер, тақтадағы намазхана және намаз уақыттары табылып, бөлмеде адамдардың жиналып жатқаны белгілі болған. Сот отырысы барысында мешіт қалада тіркелген діни ғимараттар тізімінде болмағандықтан, заңсыз жұмыс істеген болып шыққан. Қазақстан Республикасының діни қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін 59 жастағы елорда тұрғыны кінәлі деп танылып, заңсыз әрекетін тоқтата отырып, 184 600 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды», - деп хабарлайды Астана қаласының полиция департаменті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024