Төрт айдың ішінде әйел түгел тазарып, келесі ер адамға дайын болады - Жанәділ Райымбек ажырасатын әйелдер туралы
- авторjambylinfo.kz
- 16 мамыр, 2024
- 1.0k
Танымал коуч, журналист, медиа-менеджер Жанәділ Райымбек отбасы мәселелеріне арналған кезекті подкастында жыныстық жолмен таралатын инфекциялар көбінесе әйелдерден жұғатынын айтып, елді дүр сілкіндірді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Егер әйел адам бірнеше еркекпен қосылатын болса, ол міндетті түрде инфекция таратады. Ал көп әйелі бар еркек өзінің сол әйелдерімен қосылса да, инфекция таратпайды. Әйел адам бөтен еркекпен қосылатын болса, ол инфекция таратады. Бұл ғылыммен дәлелденген нәрсе», - дейді ол.
Жанәділ Райымбек шариғатта ажырасатын әйел бұл қадамға қалай дайындалатынын айтқан. Яғни, Жанәділ Райымбектің айтуынша, ажырасамын деген әйел төрт бойы күйеуінің жанында болады, бірақ, онымен жыныстық қатынасқа түспейді.
“Өйткені, біріншіден, әйелдің аяғы ауыр болса осы аралықта баланың әкесі кім екенін анықтауға болады. Ал, екіншіден, төрт ай ішінде әйел түгел тазарып, келесі ер адамға дайын болады”,-дейді Жанәділ Райымбек.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз