дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 22:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Бес жыл бұрын 200 мың, қазір 400 мың теңге»: Депутат Мұқаев жалдамалы пәтерді босататын жастардың тағдырына алаңдады

«Бес жыл бұрын 200 мың, қазір 400 мың теңге»: Депутат Мұқаев жалдамалы пәтерді босататын жастардың тағдырына алаңдады
Коллаж: Ернар Балғабай
Оның айтуынша, бес жыл ішінде Қазақстандағы пәтер ақы екі есеге қымбаттаған

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың атына жолдаған депутаттық  сауалында 10%-дық бастапқы жарнамен өздері тұрып жатқан баспанасын сатып алуға мүмкіндік беру мәселелесін қарастыруды қайта сұрады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Жастар елдегі оқиғалардың бел ортасында жүр. Елімізде орын алған төтенше жағдайларда да төбе көрсететін де жастар, қолдаушылар да жастар. Ал бізде Үкімет тарапынан жастарға тиісті деңгейде көңіл бөлініп жатыр ма? Ең басты қажеттілік баспана мәселесі де шешімін таппай отыр. Жыры басылмаған жастарға берілген жалдамалы пәтер жайында Роман Склярға да депутаттық сауал жолдағанмын. Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің бақылауында деп қысқа қайырған. Жастардың талап-тілегін нақты шешімдер мен әрекеттер жасайды деген ниетпен қайта жолдап отырмын», - дейді Мұқаев.

Оның айтуынша, 2019 жылдан бері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жалдамалы пәтерге орныққан жастардың саны 10 000-ға жуықтады. 2019 жылы баспана алған жастардың баспананы босатуына да аз уақыт қалған.

«Бүгінде мегаполистердегі жастардың далада қалу қаупі жоғары. Тағы бір қосарым- өткен жылы берілу керек пәтерлер Алматы қаласының жастарына әлі дер берілмеді. Нақты тізім, нәтиже шықпады. Жалдамалы пәтер алған жастардың қаржы жинап, өз баспаналарын ала алмаудың да өзіндік себептері де бар.  2019 жылдан бері инфляция деңгейі де шарықтап, үй бағасы жылдан жылға өсті. Осыдан 5 жыл бұрын Республика бойынша пәтердің орташа шаршы метрі 200 мың болса, қазір 400 мыңға жуықтады. Яғни, 2 есе өсті. Шындыққа тура қарасақ, баспанаға қаржы жинаудан, қымбатшылық қыспаққа алып күнкөріс мәселелі алдыңғы орынға шықты. Бұл бір», - деген депутат өзге мәселелерді де қозғады.

Екіншіден, елде жастарға арналған тиімді мемлекеттік бағдарлама жоқ дейді ол. Ал, үшіншіден, жалдамалы пәтер алған жастар өзге де мемлекеттік бағдарламалар мен үй кезегінде тұру мүмкіндігінен айырылған.

«Жоғарыды аталған факторларды ескере отырып, жастардың тиімді баспана алуына жағдай жасау және кемі 10%-дық бастапқы жарнамен өздері тұрып жатқан баспанасын сатып алуға мүмкіндік беру мәселелесін қарастыруды қайта сұраймын. Және де пайыздық мөлшерлемесі де 5%-дан аспауы тиіс. Немесе жалдамалы пәтерде тұру мерзімін ұзарту керек», - дейді ол.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар