Қоғам
Түркістан облысы Келес ауданындағы жекеменшік балабақшада балалар жаппай астан уланған
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 26 маусым, 2024
- 1.3k
24 маусым күні таңғы астан кейін балалар өзін жайсыз сезінген
Бөбекжай-балабақша қызметкерлері дәрігер мен мейірбикені шақырып, алғашқы медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Мәлімет бойынша 34 бала астан уланған.
«Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілді. Таңғы аста балаларға берілген ботқаның құрамы, сүттің құрамы сараптамаға жіберілген. Ауруханаға жөнелтілген балалардың жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында», - деп хабарлайды басқарма. Осы жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғаған.
Келесі мақала
Алматыда 6 қабат терезесіне шығып билеген қыз қаза тапты
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Бір өңірде үсік, бірінде +34°С: Қазақстанда ауа райы құбылады
- авторБақытжан Бекболат
- 28 сәуір, 2026






