«Бишімбаев ісі»:Айтбек Амангелді бірінші инстанция сотының үкімі өзгеріссіз қалатынына сенетінін айтты
- авторjambylinfo.kz
- 26 маусым, 2024
- 380
Бүгін Астанада азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталды,-деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сотқа марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қатысып отыр. Ол бірінші инстанция сотының үкімі өзгеріссіз қалатынына және сот процесі көпке созылмайтына сенім білдірді.
«Сот тез аяқталады деп ойлаймын. Негізі апелляциялық сатыдағы сот отырысы бір сағатқа созылады. Бірақ қарсы тарап әңгіме айтуды жақсы көретіндіктен шамалы созылуы мүмкін. Менің ойымша, бірінші инстанция сотының үкімі өзгеріссіз қалады»,-деді ол.
Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірген болатын. Ол «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен 24 жылға сотталған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз