дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 21:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Тексіздер, қазақ ұлтын қорладыңдар!». Халық киіз үйде жартылай жалаңаш билегендерді жазалауды талап етіп отыр

«Тексіздер, қазақ ұлтын қорладыңдар!». Халық киіз үйде жартылай жалаңаш билегендерді жазалауды талап етіп отыр
Сурет: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде ұлттық нақышта киім киіп, ұятсыз би билеген қыздардың видеосы тарады

Бұл видео әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды. Сол себепті, олар желіде ұлттық идиологияға жауапты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны, депутаттарды белгілеп, ұлттық құндылықтарды қорлағандарды жауапқа тарту сұрап отыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

«Бізде ұлттық идеология бар ма өзі? Неге әркім білгенін істеп жүр? Абылай туған, Абай туған кигіз үйде жартылай жалаңаш қыздар   билеп жүр екен. Көрмекке көз, айтпаққа сөз ұялып тұр. Бұл тексіздерді жауапқа тарту үшін петицияны ұйымдастыру керек»,-деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде халық «Кешью» тобы да Америкада  ұлттық киімдерді қорлады деп наразылық білдірген болатын.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар