дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Германияда экс-судья Айгүл Сайлыбаева кісі қолынан қаза тапты

Германияда экс-судья Айгүл Сайлыбаева кісі қолынан қаза тапты
Фото: марқұмның ағасының жеке мұрағатынан алынды
Bild газетінің мәліметінше, Германияда экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті табылды

4 маусымда таңертең қызын бақшаға апарған соң із-түссіз жоғалып кетті деп іздеу салған экс-судья Айгүл Сайлыбаева кісі қолынан қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz BAQ.KZ сілтеме жасай отырып. 

«Дене пластикалық қапшықта болды, әйел қайтыс болғанға дейін зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Іс бойынша 35 тергеуші жұмыс істеп жатыр. Оның үйінде тінту жұмыстары жүргізілді», - деп жазады Bild.

СІМ де бұл ақпаратты растап отыр. Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды. Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізуде. Өз кезегінде, полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт ҚР азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды. Қазіргі уақытта марқұмның туыстары Германияда және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде, - делінген СІМ таратқан хабарламада.

Еске салайық, Айгүл Сайлыбаева бұрын Астананың Сарыарқа ауданында білікті судья болған. Кейін өзінен мүшел жас кіші жігітке күйеуге тиіп, 2019 жылы шет елге көшеді. Әлемнің біраз елін аралаған отбасы соңғы жылдары Германияның шағын ғана Бенсхайм шаһарында тұрып жатты. Марқұмның артында 4 жасар қызы қалды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар