жұма, 5 шілде, 2024 0:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы тағайындалды

Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы тағайындалды
Сурет: jambylinfo.kz
Ғалым Ысқақов еңбек жолын облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Ғалым Ысқақов Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Білімі жоғары. 1989 жылы дүниеге келген. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін («Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру», «құрылыс», «қаржы» мамандықтары бойынша) бітірген. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының құрылыс, жобалау жұмыстары, құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімдерінің бас маманы, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммунадық шаруашылық басқармасының сумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

Еңбек жолын 2013 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының құрылыс бөлімінің инженері болып бастаған.

2022 жылдың мамыр айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар