Үйі өртке оранған қоғам белсендісі Бурахан Дақанов елден көмек сұрап отыр
- авторИндира Тәліпқызы
- 10 маусым, 2024
- 775
Алматы облысы Талдықорған қаласынан солтүстікке қоныс аударған қоғам белсендісі Бурахан Дақановты көпшілік жақсы таниды. "TAUEKEL" ұйымын құрып, Солтүстік Қазақстанды қазақыландыруға ат салысып жүрген азаматтың Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка елді мекеніндегі үйі маусымның 8-нен 9-на қараған түні өртке оранып, жанып кеткен, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұл туралы Бурахан Дақановтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, видео жариялады және көпшіліктен көмек сұрап отыр.
«Құрметті ағайын, мен оңтүстік өңірлерден солтүстік өңірлерге адам шақырып, көшіріп жүрген азаматтың бірімін. Бүгін сіздерден көмек сұрап отырған жайым бар. Қысқасы, кеше түнде Шал ақын ауданының орталығы Сергеевкадағы өз үйім өртеніп кетті. Өрттің себебі - электр тоғы. Құдайға шүкір, бала-шағам дін-аман. Бірақ бір қабат киіммен шыққанбыз. Барлық дүние-мүлік, құжаттарымыз жанып кетіп. Қысқасы, мені білетін жандардан көмек сұраймын», - деді ол.
Ал әлеуметтік желі қолданушылары қоғам белсендісін қолдап, жұбатып, қаржылай көмек беріп жатыр. Белгілі азаматтар, блогерлер халықты Бурахан Дақановты қолдауға шықырып, жаппай пост жазып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024