сенбі, 23 қараша, 2024 2:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласында біліктілік арттырылды

Жамбыл облысында техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласында біліктілік арттырылды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласында біліктілік арттырылды

Стандарттау жөніндегі ұлттық орган ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК ЖФ Тараз қаласында өнеркәсіп салаларының басым бағыттарын дамыту мақсатында «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласында қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру» семинары басталды. Онлайн өтіп жатқан бұл шара жұма күні аяқталатын болады.

Семинарға мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сынақ зертханаларының, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, қауымдастықтардың, Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысуда.  Олар алдағы үш күнде стандарттау саласындағы заңнама, жалпы нормативтік-құқықтық база, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде стандарттау және техникалық реттеу туралы заңнаманы практикалық қолдану мәселелері, отандық өнімнің сапасын арттыру, «Халал» өнімдер және химиялық технологиялар, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құқықтық актілерді іс жүзінде қолдану мен халықаралық құқықтық актілер мен құжаттарды практикалық қолдану мәселелері, техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау, ЕАЭО елдеріндегі нарықты бақылау мен қадағалаудың заңнамалық негізі, ЕЭО шеңберінде КО/ЕЭО техникалық регламенттерінің талаптарын сақтауды мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы және экспорттың басым елдері саналатын Қытайда, Иранда, Түркияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде және Германияда техникалық реттеу туралы білімдерін жетілдіретін болады.

Шынболат Сейдуалиев

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар