Қоғам
"Жиза, лол, хайп: "Жастар арасында кең таралған ТОП-10 сөз
- авторjambylinfo.kz
- 20 қазан, 2020
- 385
"Жиза, лол, хайп: "Жастар арасында кең таралған ТОП-10 сөз
Жастар сленгі - тілдің ерекше форматы. Кейде орта буын, үлкен кісілер жастар тілін түсінбейміз деп жатады. Заман ағымына сәйкес, заманауи сөздер пайда бола бастайды.
Заманауи сөздер тілдің алуан түрлілігінің құрамдас бөлігі. Соңғы онжылдықта интернеттің дамуына байланысты жастар сленгы әлеуметтік желілерге көшті. Әлеуметтік желіде де, күнделікті өмірде де жиі кездесіп жүрген бірқатар сөздер мыналар:- Хайп - ағылшынның "hype" сөзінен шыққан, шу, пиар дегенді білдіреді. Дәл қазіргі уақытта трендтегі нәрселерге қатысты қолданылады.
- Изи - бұл да ағылшынның "easy" сөзінен шыққан, жеңіл дегенді білдіреді. Ол адамның белгілі бір жағдайға, адамға деген қарым-қатынасына қатысты қолданылады.
- Че там - бұл орыс тілінен енген жаргон сөз. Ол хәл сұрасу, не істеп жатқанын білу мақсатында айтылады.
- Жиза - орыс тілінің "жизнь" сөзінің қысқарған түрі, өмірлік жағдайларды сипаттау үшін қолданылады.
- Хейтер - ағылшынның hate - жек көру сөзінен туындаған. Қарсылас, оппонент деген мағынаны білдіреді. Көп жағдайда әлеуметтік желіге қатысты қолданылады.
- Гоу - ағылшынның "go" - жүру, кеттік деген мағынаны білдіреді. Жастар арасында да осындай мағынада қолданылып жүр.
- Лол - ағылшынның laughing out loud қатты күлу мағынасында. Күліп тұрғанын байқату, көрсету, сездіру үшін жазбашада, ауызша тілде де кең таралған.
- Десең иә, деппа, десең ба - бұлар жаргон сөздер. Әзілді білдіру үшін қолданылады.
- Ладно, ладн - сөздері желіде жазбаша коммуникацияда жиі пайдаланылатын сөздер.
- На хабаре - келісім, хабарда болу дегенді білдіретін сленг.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз