«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»: Қазақтың тұңғыш мультипликаторы Әмен Қайдаровтың туғанына — 101 жыл
- авторjambylinfo.kz
- 3 маусым, 2024
- 702
Қазақтың тұңғыш мультипликаторы, ұлттық анимация өнерінің негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың туғанына — 101 жыл, деп жазады jambylinfo.kz.
Әмен Қайдаров 1923 жылы маусымда Қарағанды облысы Нұра ауданында туған. Қазақ тарихынан шыөөан тұңғыш телевизия аниматоры. Әмен Қайдаров екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангер. Соғыстан оралған соң Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсуретшілер училищесін бітіріп (1951 ж), Мәскеудегі мемлекеттік кинематография институтының көркемсурет факультетін (1958-1965) тәмамдап, қазақ еліне оралған.
Оның «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» (1967); «Құйыршық» (1969); «Жанар» (1972); «Күн сәулесінен пайда болған көжек» (1975); «Ақсақ құлан» (1968); «Қожанасыр – құрылысшы» (1970); «Қырық өтірік» (1978) сияқты мультфильмдері осы күнгі дейін өзінің ерекше стилімен, терең мағынасымен кішіні де, үлкенді де тәнті етіп келеді.
Әмен Қайдаров 2015 жылы 5 ақпанда 92 жасында көз жұмған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз