жексенбі, 7 шілде, 2024 19:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда сайлау күніне дайындық қалай жүріп жатыр

Алматыда сайлау күніне дайындық қалай жүріп жатыр
ашық дереккөзі
Алматыда сайлау күніне дайындық қалай жүріп жатыр
20 қарашада өтетін ел үшін маңызды саяси науқан – Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына Алматы қалай дайындалып жатыр? Бұл туралы ҚазАқпарат фототілшісінің материалында. Алматы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Айгүл Қалықованың айтуынша, мегаполисте Президент сайлауына байланысты 600 сайлау комиссиясы құрылды. Сегіз аудандық және бір қалалық сайлау комиссиясы жұмыстарын бастады. Барлығы – 4 759 адам. «Алдағы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіледі. Барлық іс-шаралар жоспарға сай орындалып жатыр. Қалада 600 сайлау учаскесі құрылды, оның ішінде 69-ы азаматтардың уақытша тұратын жерінде, 531-і тұрғындардың тұрақты тіркелген жерінде», - деді Айгүл Қалықова. Спикердің айтуынша, учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмыстарына кірісті. «Сайлаушылардың тізімі реттелді. Әрбір сайлаушы келіп, өзін сайлаушылар тізіміне енгізудің дұрыс-бұрыстығын тексере алады. Егер қандай да бір қателіктер болса, олар жазбаша өтінішпен жүгіне алады. Бұл ретте комиссияның шешімімен сайлаушылар тізіміне өзгеріс енгізіледі», - деді ол.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар