Сайлау – 2022
Тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар үшін 55 сайлау учаскесі ашылады
- авторjambylinfo.kz
- 17 қараша, 2022
- 287
Тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар үшін 55 сайлау учаскесі ашылады
Тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар үшін 20 қараша күні 55 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова айтты.
Спикердің мәліметінше, заңнамада тұрғылықты жері бойынша уақытша немесе тұрақты тіркелген азаматтар дауыс бере алатыны анық жазылған. Сондықтан бүгінге дейін тұрақты тіркеуі жоқ қазақстандықтар дауыс бере алмай келді.
«Үкімет қаулысымен ішкі мигранттарды тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл азаматтардың сайлау күні дауыс беру учаскесіне тіркелуіне мүмкіндік береді. Осылайша, тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар мен басқа өңірлердің тұрғындары 20 қараша күні сайлауда дауыс бере алады», - деді Жанна Асанова.
Дауыс беру үшін сайлау учаскесіне бір күнге тіркелуге болады.
«Келесі күні, яғни 21 қарашада жүйе сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша тіркелген азаматтарды есептен шығарады. Алматыда сайлау күні тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар үшін 55 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді»,- деді Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
Айта кетейік, мегаполисте 1 миллион 170 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Алматыда сайлау күніне дайындық қалай жүріп жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Сайлау – 2022
Сайлау-2022: ШЫҰ миссиясының байқаушылары жұмысын бастады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022
Сайлау – 2022
Сайлау: Елімізде 86 учаскеде дауыс беру бір сағат ерте басталады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022