Қазақстандағы ұялы байланыс нарығы: өсім, бәсеке және жаңа бағыттар
- авторБақытжан Бекболат
- 19 мамыр, 2025
- 321

Бұл — өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,5 миллионға көп, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сонымен қатар, мобильді интернетті пайдаланушылар саны 18,8 миллионға жетіп, бір жылда 4,8%-ға өскені байқалады. Бұл көрсеткіштер елдегі цифрлық инфрақұрылымның кеңейіп, халықтың байланыс пен интернетке деген сұранысының арта түскенін дәлелдейді.
Бүгінде Қазақстанда бірнеше мобильді бренд жұмыс істейді. Олар: Altel, Tele2, Kcell, Aktiv, Beeline, IZI және банк қызметімен біріктірілген ForteMobile. Бұл компаниялар негізінен үш ірі оператордың басқаруында жұмыс істейді және нарықта өзара бәсекеге түсіп отыр. Мұндай орта тұтынушылар үшін тиімді — әрбір оператор қызмет сапасын жақсартып, жаңа ұсыныстар енгізуге тырысады.
Соңғы жылдары ұялы байланыс саласында тұтынушыға бағытталған бетбұрыс анық байқалады. Операторлар қолдау қызметін жетілдіріп, тарифтік жоспарларды оңтайландырып, жаңа сервистер мен қосымша мүмкіндіктерді іске қосуда. Бұл қадамдар тұтынушылардың қанағаттануын арттыруға және оларды ұзақ мерзімді пайдаланушы ретінде ұстап қалуға бағытталған. Бір отбасы немесе жұмыс ұжымы үшін бір оператордың қызметін пайдалану тиімді екенін ескерсек, операторлар өз абоненттерін біріктіру бағытында да жұмыс жүргізуде.
Мобильді байланыс саласындағы жаңашыл бағыттардың бірі – IZI бренді. Ол өзін тек байланыс қызметін ұсынатын компания емес, ойын-сауық медиаплатформасы ретінде таныстырып отыр. IZI қосымшасы арқылы пайдаланушылар сериалдар, тікелей эфирлер, түрлі шоу бағдарламалар, радиостанциялар мен музыкалық топтамаларға қол жеткізе алады. Бұл контент күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналып, пайдаланушыларға тек қоңырау шалу мен интернет қана емес, көңіл көтеру мен мәдени демалыс ұсынады.
IZI-дің клиенттер алдындағы беделі де жоғары. Соңғы алты айда бұл оператор тұтынушы адалдығы индексі (NPS) бойынша тұрақты оң нәтиже көрсетіп келеді. 2025 жылғы наурызда IZI-дің NPS көрсеткіші 24%-ды құрады. Бұл – компанияның ең жақын бәсекелесінен әлдеқайда жоғары көрсеткіш. Бұдан бөлек, соңғы жарты жылда бұл көрсеткіш 2 пайыздық тармаққа артқан. Мұндай тұрақты өсім — IZI-дің нарықтағы сенімді орнын, сапалы қызметін және дұрыс стратегиялық бағытын көрсетеді.
Қазақстандағы ұялы байланыс нарығы қарқынды дамып келеді. Тұрғындардың байланысқа, интернетке және цифрлық қызметтерге деген сұранысы артып отыр. Бәсекелі орта мен инновациялық бағыттар — нарықтың негізгі қозғаушы күштері. Мұндай жағдайда тұтынушы ұтады: ол жоғары сапалы қызметті, қолжетімді тарифтерді және қосымша мүмкіндіктерді иеленеді. IZI сынды жаңашыл ойыншылардың пайда болуы бұл саланың келешекте де даму әлеуеті зор екенін аңғартады.