Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысады
- авторБақытжан Бекболат
- 19 мамыр, 2025
- 443

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
20–21 мамыр күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанның астанасы Будапешт қаласына барады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Саммит Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанның шақыруымен өтеді. Жиынға ТМҰ-ға мүше мемлекеттер – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан Президенттері қатысады.
Сонымен қатар, ТМҰ-ға бақылаушы мемлекеттердің өкілдері мен Ұйымның Бас хатшысы да саммитке қатысуы жоспарланып отыр.