15 мамырдағы келіссөз: Мединский бастаған делегация Түркияға аттанады
- авторБақытжан Бекболат
- 15 мамыр, 2025
- 167

Бұл туралы ақпарат Кремль таратқан хабарламада айтылды. Мединскиймен бірге Түркияға Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин және Ресей Қарулы күштері Бас штабы Бас басқармасының бастығы Игорь Костюков барады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ресей делегациясының құрамын келіссөздерге жіберу туралы өкімге Ресей президенті Владимир Путин қол қойған. Құжатқа қарағанда, Путиннің өзі Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуге бармайды. Бұған дейін Зеленский Путинді келіссөздерге жеке келуге шақырған болатын.
"Біз Путинмен кездесудің өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Өйткені атысты тоқтату туралы шешімді тек сол кісі қабылдай алады", – деген еді Украина президенті.