Елімізде
«2-10-20» ипотекасы тоқтап тұр: депутат әлеуметтік осал топтарға қолдау сұрады
- авторБақытжан Бекболат
- 15 мамыр, 2025
- 128

Оның айтуынша, табысы төмен отбасылар үшін қолжетімді жалғыз мүмкіндік — «Отбасы банкі» арқылы берілетін 2%-дық ипотека.
Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев әлеуметтік осал азаматтардың баспана алу мүмкіндігіне алаңдап, Үкіметке депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алайда, 2024 жылы бұл бағдарламаға бюджеттен бір тиын да бөлінбеген, ал алдағы үш жылдық жоспарларда да қаржы қарастырылмаған. Соның салдарынан жаңа өтінімдер қабылдау толық тоқтап тұр.
Депутаттың пікірінше, жағдайды реттеу үшін Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитеті тартқан қаражатты пайдаланып, «Отбасы банкін» 50 млрд теңгеге дейін қаржыландыру қажет. Бұл қадам әлеуметтік әділеттілік принципіне сай келіп, тұрғын үйге шын мұқтаж жандардың мәселесін шешуге көмектесер еді.