дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 21:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

43 жастағы Олжас Бектенов жаңа премьер-министр болды

43 жастағы Олжас Бектенов жаңа премьер-министр болды
ашық дереккөзі
Әлихан Смайыловтың орнына үкімет басшылығына 43 жастағы Олжас Бектенов келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Олжас Бектеновтің кандидатурасын мемлекет басшысына Amanat партиясы ұсынған болатын. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, президент ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың фракцияларымен талқылады. Оны мақұлдағаннан кейін парламенттің төменгі палатасының қарауына енгізді.

Пленарлық отырыста қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ұсынылған кандидатураға дауыс беру болды. 69 депутат Бектеновтың кандидатурасын қолдап, 7 депутат қалыс қалды. Осылайша енді министрлер кабинетін 43 жастағы Олжас Бектенов басқарады.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы 5 ақпанда Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді. Премьер-министр міндетін атқару уақытша Роман Склярға жүктелді.
Әлихан Смайылов үкімет басшысы қызметіне 2022 жылы қаңтарда тағайындалған болатын.

Олжас Бектеновтің өмірбаяны

Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, мамандығы – заңгер.
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қалалық әділет басқармасында бөлімнің бас маманы қызметінен бастады.
Әр жылдары премьер-министр кеңсесінде, президент әкімшілігінде, әділет министрлігі комитеті мен Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінде істеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы департаментін басқарды. Ақмола облысы әкімінің орынбасары болды.
2019-2022 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, кейін осы агенттіктің төрағасы қызметін атқарды.
2023 жылғы 3 сәуірден бүгінгі күнге дейін Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар