Абай атындағы мемлекеттік сыйлық кімдерге берілді?
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы қаулыға қол қойды. Төменде президент жарлығының мәтіні берліп отыр.
“Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы:
- Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы – “Абыз Әбіш” зерттеуі үшін;
- Ақсұңқар Серікке, ақын – “Көкейімде Күлтегіннің жазуы” өлеңдер жинағы үшін;
- Есім Ғарифоллаға, жазушы – “Ғұлама-наме” трилогиясы үшін;
- Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы – “Ұлы дала әдебиеті” тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін;
- Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын – “Достояние души” өлеңдер жинағы үшін;
- Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург – “Сарра” драматургиялық шығармалар жинағы үшін;
- Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлына, жазушы – “Періштелердің өлімі” прозалық шығармалар жинағы үшін берілсін.
- Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі“.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде не айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024