Елімізде
Қазақстанда оқу жылы басталғалы 2,5 мыңнан астам оқушы коронавирус жұқтырған
- авторjambylinfo.kz
- 9 желтоқсан, 2020
- 714
Қазақстанда оқу жылы басталғалы 2,5 мыңнан астам оқушы коронавирус жұқтырған
«Қазіргі эпидемиологиялық ахуалдың түрін ескере отырып, Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты әуе рейстерінің санын 20-дан 10 рейске дейін азайту туралы шешім қабылданды. Яғни екі тараптың да әуе компаниялары 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап рейстер санын қысқартады», - деді баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов. Вице-министрдің айтуынша, елде оқу жылы басталғалы оқушылар арасында коронавирус жұқтырудың 2539 жағдайы тіркелген. «Оның ішінде 738 оқушы кезекші сыныпта оқитын балалар болса, 1811 оқушы - қашықтан оқитындар. Қазіргі уақытта өңірлердің әкімдіктерінің жанында 1556 мониторинг тобы жұмыс жүргізуде. Карантин шараларын әлсіреткелі бері (17 тамыздан 8 желтоқсанға дейін) 53 489 рейд жасалып, 215 977 нысан тексерілді. 18 903 нысанның иелері тәртіп бұзғаны анықталды», - деді ол.
inform.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Компьютерлік томографиядан қай кезде өту керек
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Түркістанда әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам бес жылға сотталды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026
Елімізде
Алматыда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026






