сенбі, 23 қараша, 2024 8:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"ADAL" мүшелері тұрғындарымен кездесті

"ADAL" мүшелері тұрғындарымен кездесті
ашық дереккөзі
"ADAL" мүшелері тұрғындарымен кездесті
Жаңақорған ауылының тұрғындарымен кездесу барысында партия өкілдері халықты "ADAL" бағдарламасымен таныстырып, үгіт-насихат кезеңінің жоспарлары мен бастамаларын талқылады.
Зейнеткерлер, көп балалы, жалғыз басты аналар, мұғалімдер, кәсіпкерлер партия бағдарламасы туралы ақпаратты тыңдап, өзекті мәселелерді айтты. Атап айтқанда, жергілікті тұрғындар жолдардың жағдайы, су сапасы, газбен жабдықтау және жұмыссыздық, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану мәселелерін көтерді.
Ғалымбек Жақсылықов өзі ауылда өсіп, тұратындықтан, ауыл проблемалары туралы жақсы білетінін атап өтті. Депутаттыққа кандидаттар мемлекеттік қаражатты тиімді жұмсау да жаппай проблема екенін атап өтті. Партия сайтының көмегімен Дәулет Мұқаев Жаңақорған ауданына бюджеттен бөлінген 22 миллиард теңгенің жұмсалғанын көрсетті.
"Кейбір аудандарда полиция мен медицина қызметкерлері жетіспейді. Ресми мәліметтер бойынша 7000 тұрғын, ал бейресми мәліметтер бойынша 15000 адам тұратын аудандар бар. Біздің сайт кері байланыс алу үшін қызмет етеді", - деді Ғалымбек Жақсылықов.
 Мақсат Толықбай елдің оңтүстігінен солтүстігіне қоныс аудару бағдарламасы туралы айтты. Ол қоныс аударушылар үшін дұрыс мотивация – ерекше мәртебе, жоғары жалақы және жұмыс орындары болуы тиіс екенін түсіндірді.
Тұрғындардың бірі әрбір қазақстандықта кез-келген несиесіз тегін жер болуы керек екенін атап өтті. Оның пікірінше, сол кезде даму, жұмыс болады. Сондай-ақ, оның айтуынша, тегін идеяларды қамтитын кәсіпкерлердің тікелей эфирлері өткізілуі керек.
Сонымен қатар, тұрғындар қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар тек қалаларда ғана баспана алуға мүмкіндік береді деген мәселені көтерді.
«ADAL» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына тағы бір үміткер Ардақ Назаров жастармен және спортшылармен кездесу өткізді. Ал Алмасбек Садырбаев шағын және орта бизнестің фермерлерімен және кәсіпкерлердің сөзін тыңдап, партия тарапынан міндетті түрде қолдау болатындығына сендірді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар