Саясат
«ADAL» партиясының өкілдері жұмыссыз алматылықтар үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2020
- 239
«ADAL» партиясының өкілдері жұмыссыз алматылықтар үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды
ҚР Парламенті Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттарға кандидаттарды ұсыну бойынша сайлау алдындағы үгіт науқаны шеңберінде бүкіл Қазақстан бойынша сайлаушылармен түрлі іс-шаралар өтуде. Осылайша, Алматыда партия өкілдері жұмыссыз алматылықтар үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Іс-шараға Мәжіліс депутаттығына кандидат Ғани Абадан қатысты. Ол партияның басты мақсаты әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыру екенін еске салды.
«Пандемияға байланысты көптеген ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды, адамдар жұмыссыз және күнкөріс қаражатсыз қалды. Сондықтан біз бүгін осындай еңбекке жарамды азаматтар санаты үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырдық», - деп түсіндірді ол.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қаланың 40-қа жуық ұйымдары қатысты, олардың ішінде ШОБ, микроқаржы ұйымдары, жетекші банктер, қауіпсіздік агенттіктері, сонымен қатар өндірістік компаниялардың өкілдері болды. Жәрмеңкеге барлығы 300 талапкер қатысты.
Сондай-ақ, жәрмеңкеге қатысуға ниет білдірушілер партия қатарына дәл сол жерде қосылуға мүмкіндіктері болғанын атап өткен жөн. Олар үшін арнайы бұрыш ұйымдастырылды, онда партия өкілдері «ADAL» партиясының міндеттері мен мақсаттары туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
"ADAL" мүшелері тұрғындарымен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде не айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024