жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 6:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ауылдың болашағы – ел келешегі

Ауылдың болашағы – ел келешегі
ашық дереккөзі
Ауылдың болашағы – ел келешегі

Кеше Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов, облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев, партияның аймақтық филиалының төрағасы Ерболат Саурықов және партия аудандық өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Басқосу барысында партия белсенділері өңірдің ауылшаруашылық саласын дамыту мәселесін талқылады.

Алдымен сөз алған облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы міндетін атқарушы Қайрат Аманов өңірдегі асыраушы саланы жан-жақты жетілдіру бағытында атқарылған ауқымды жұмыстарды атап өтіп, ауылдың әлеуетін арттыру мақсатында жүзеге асқан пилоттық жобаны тілге тиек етті. Пилоттық жобаға қатысқан елді мекендердің халқы қазіргі таңда шаруа қожалықтарына топтасып, ауыл шаруашылық техникаларына қол жеткізіп, сүт, ет өнімдерін өндіріп, мол табыс табуға мүмкіндік алған. Тіпті ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер кондитерлік және шұжық цехын ашып, ел экономикасының еселенуіне айтарлықтай үлес қосуда. Ал партияның облыстық филиалы төрағасы Ерболат Саурықов ауыл жастарының жұмыссыздығына қатысты ойымен бөлісті. – Өзім туып-өскен Мойынқұм ауданына жиі жолым түсіп тұрады. Сонда көптеген жұмыссыз жастарды көремін. Оларға жұмыс ұсынсақ, он жастың екі-үшеуі ғана назар аударады. Сондықтан ауылда тек шаруашылықты ғана емес, мәдениет, спорт, экономика секілді барлық саладағы мәселелердің оң шешімін табуға атсалысуымыз қажет, – деді Ерболат Байұзақұлы. Ал «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов партияның сайлау қарсаңындағы қызметіне тоқталып, жамбылдық фермерлердің бастамаларын қолдады. – Әрине пилоттық жобаны жүзеге асыруда көптеген қиындықтар кезігетіні анық. Бірақ ол Жамбыл өңіріндегі аграрлық саланың әлеуетін арттыруға үлкен үлес қоспақ. Сондықтан басталған істі аяғына дейін жеткізуіміз қажет, – деді ол. Жиыннан соң Қайрат Айтуғанов Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіндегі студенттер үйін аралап көрді және басқа да ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші құрылымдарда болып, тыныс-тіршілігімен танысты.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар