Қазақ ұлттық университеті мен Татарстан арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге шықпақ
- авторБақытжан Бекболат
- 14 мамыр, 2025
- 560
Қазанда Қазақстанның Бас консулы Ерлан Ысқақов пен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев Татарстан Раисі Рустам Миннихановпен кездесті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесуде тараптар жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті нығайтуға мүдделілік білдіріп, бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын дамыту жайын талқылады. Әсіресе, биотехнология, медицина, химия, жаңа материалдар, IT және жасанды интеллект, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мен Еуразия даласының тарихын зерттеу бағыттарында ынтымақтастықты кеңейту жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Қазан федералдық университетінің «Лобачевский» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ҚазҰУ докторанттары мен ИЫҰ елдерінен келген жас ғалымдардың тағылымдамадан өту мүмкіндігі айтылды. Бұл жоба Қазақстан мен Татарстан арасындағы білім алмасуды жаңа деңгейге көтермек.
ҚазҰУ делегациясы Татарстан Ғылым академиясы мен Қазан федералдық университетінде болып, ол жерде білім алып жатқан 322 қазақстандық студентпен кездесті.
Кездесу соңында тараптар өзара тәжірибе алмасу, бірлескен іс-шаралар өткізу және Татарстан делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мәселелері бойынша келісімге келді.
Жамбылда 75 жасөспірім профилактикалық есепке қойылды
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025






