Жамбылда 75 жасөспірім профилактикалық есепке қойылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 мамыр, 2025
- 151

Жамбыл облысында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Профилактикалық рейдтер барысында полиция қызметкерлері 1815 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтады. Оның ішінде ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамаудың 176 жағдайы белгілі болды, 1475 ата-ана кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және кафе-барларда болғаны үшін жауапқа тартылды.
Тексерумен қамту жұмыстары кезінде 48 қолайсыз отбасы мен 75 жасөспірім профилактикалық есепке қойылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлерімен жасөспірімдерге алкоголь өнімдерін сатудың 16 дерегі анықталды.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген кәсіпкерлер тарапынан жасалынған 33 бұзушылық дерегі анықталды. Мәселен, қала дүкендерінің бірінде сатушы кәмелетке толмаған жасөспірімге темекі өнімдерін сатқан.