Қазақстанда АЭС салуға қатысты референдум қашан өтетіні белгілі болды
- авторjambylinfo.kz
- 27 маусым, 2024
- 567
Қазақстанда АЭС салу туралы референдум биыл күзде өтеді. Бірақ, оның нақты датасы әзірге белгісіз, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бүгін Ақордада бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездескен президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу туралы референдумның анонсын жариялады.
«Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек. Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды», - деді Тоқаев.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз