дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 16:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан маусымның соңына дейін мұнайдың тәуліктік өндірісін ерікті қысқарта береді

Қазақстан маусымның соңына дейін мұнайдың тәуліктік өндірісін ерікті қысқарта береді
Мұнай өндірісі. Сурет Энергетика министрдігінің сайтынан алынды
Қазақстан мұнай өндірісін күніне 82 мың баррельге қосымша ерікті қысқарту мерзімін 2024 жылдың екінші тоқсанына дейін ұзартты, деп хабарлайды jambylinfo.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Осыған сәйкес, Қазақстан маусымның соңына дейін тәулігіне 1,468 млн баррель мұнай өндіріп тұрады. 

“Қазақстан ОПЕК + -ке қатысушы кейбір елдермен үйлесе отырып, 2024 жылдың екінші тоқсанына өндірісті күніне 82 мың баррельге қосымша ерікті қысқартуды ұзартады. Осылайша, 2024 жылдың маусым айының соңына дейін Қазақстанда өндіру тәулігіне 1,468 млн. баррельді құрайды. Болашақта нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында өндірістің бұл қосымша көлемі нарықтық жағдайға байланысты біртіндеп қайтарылады”,-деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Бұл ерікті қысқартуды Қазақстан бұрын 2023 жылдың сәуірінде жариялаған. Ерікті қысқарту шарасы мұнай нарықтарының тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтау мақсатында ОПЕК+ елдерінің сақтық шараларын күшейтуге арналған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар