Астанадағы медициналық ұйымның бірінен 350 ампула морфин тәркіленген
- авторjambylinfo.kz
- 4 наурыз, 2024
- 624
Polisia.kz сайты хабарлағандай, Ішкі істер министрлігінің республика бойынша өткізген операциясы кезінде 900-ге жуық кәсіпорын мен мекеме тексерілген.
“Операция кезінде 230 адам, оның ішінде 48 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сақтау ережелерін бұзғаны үшін 43 кг есірткі және психотроптық заттар, 9 мыңнан астам дәрі және медициналық препараттардың 15 мыңға жуық ампуласы тәркіленді. Мысалы, елордадағы медициналық ұйымдардың бірін тексеру кезінде есірткі құралдарын сақтау және жою ережелерінің бұзылғандығы анықталып, 350 ампула морфин тәркіленді”,-деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Заң бойынша мұндай құқық бұзған тұлғаларға 160 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Қазақстан құрамасы көркем жүзуден алтын алды
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде ипотекалық несие алумен байланысты проблемалар саны азайған
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қаңтар, 2025
Еліміздің қай өңірлерінде қылмыс көп жасалатыны белгілі болды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қаңтар, 2025