сенбі, 23 қараша, 2024 9:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Білім саласында өзекті мәселелерге мән беріледі

Білім саласында өзекті мәселелерге мән беріледі
ашық дереккөзі
Білім саласында өзекті мәселелерге мән беріледі

«Nur Otan» партиясы жергілікті жерде білім саласының өзекті мәселелерін шешуге ден қояды. Осылайша алдағы 5 жылда еліміздегі жетекші партияның ықпалымен үш ауысымды және күрделі жөндеуді қажет ететін мектептердің мәселесі шешіледі. Сондай-ақ білім беру орындарының материалдық-техникалық базасын реттеуге де баса мән беріледі. Бұл туралы Тараз қаласының тұрғыны, білім ісінің ардагері Нүркен Қасымованың үйінде қонақта болған «Nur Otan» партиясынан Тараз қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Гүлшат Оңланбекқызы әңгімеледі.

– «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» деп аталатын сайлауалды бағдарламасына сай өңірде 4 жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп, үш ауысымды 9 мектептің және апатты жағдайдағы 2 мектептің мәселесі шешіледі. Сондай-ақ 77 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Тараз қаласында қосымша білім беру ұйымдар желісін кеңейту мақсатында 2023 жылы 300 орындық Оқушылар сарайы салынады. Егер қашықтықтан оқыту нысаны сақталған жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары компьютерлік техникамен толыққанды қамтамасыз етіледі. Ал ауылдық орта мектептер 297 химия, биология, физика жаңа модификациялы кабинетпен жабдықталады. Бұл келешек ұрпақтың білімді болып өсуіне ықпал етпек. Түлектер мемлекеттік, техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырудың қамын жасайтын боламыз, – деді кандидат.

Кандидатпен кездесуде көп жағдайға қаныққан сайлаушы  Н.Қасымова ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беріп, білім сапасын көтеруді мақсат ететін «Nur Otan»  партиясына дауыс беретінін айтты.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар