сенбі, 23 қараша, 2024 6:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сот отырысы 18 қаңтарға қалдырылды

Сот отырысы 18 қаңтарға қалдырылды
ашық дереккөзі
Сот отырысы 18 қаңтарға қалдырылды
Өткен жылдың 3 желтоқсанында Тараз қаласында  Қордай оқиғасына қатысы бар айыпталушыларға қатысты сот отырысы басталған болатын. Оқиғаға қатысты жеке кепілгерлік түріндегі бұлтартпау шарасымен жүрген 18 азаматтың 2-уінен ПТР-анықтама алу барысында сынама оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты процеске басқа қатысушыларының науқастану мүмкіндігін болдырмау мақсатында 2021 жылдың 5 қаңтарына жоспарланған негізгі сот отырысы кейінгі мерзімге - 2021 жылдың 18 қаңтарына қалдырылды. Бүгінгі таңда ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен азаматтар карантиндік стационарға орналастырылып, тиісті медициналық көмектер көрсетілуде. Айта кетейік, сотталушылардың туыстары үшін жеке залдар, ал БАҚ өкілдері үшін №2 қалалық сот ғимаратында процесс тікелей трансляцияланатын зал жабдықталған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар