дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Бір күнде Елтаңбаны өзгерте салуға болмайды». Қаржы министрі Тоқаевтың бастамасына қатысты пікір білдірді

«Бір күнде Елтаңбаны өзгерте салуға болмайды». Қаржы министрі Тоқаевтың бастамасына қатысты пікір білдірді
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қаржы министрі Мәди Тәкиев Қазақстанның Елтаңбасын ауыстыру туралы президент айтқан бастамаға пікір білдірді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оның айтуынша, бұл мәселе қоғам қолдаса ғана күн тәртібіне шығады.

«Елтаңбаны ауыстыру керек пе, жоқ па деген мәселені шешіп алу керек. Өздеріңіз жақсы біліп отырсыздар ғой, әлі ешқандай нақты шешім қабылданған жоқ. «Қоғам қолдаса, комиссия құрамыз» деп айтылды ғой. Эскиздің жобасы керек, бір күнде алып Елтаңбаны ауыстыра салуға болмайды», - деді бүгін үкімет отырысынан соң журналистердің сұрағына жауап берген ол.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Ұлттық құрылтайдың отырысында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елтаңбаны ауыстыру туралы ұсыныс білдірген болатын.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар