сенбі, 23 қараша, 2024 8:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кәмелетке толмағандар мәселесі қаралды

Кәмелетке толмағандар мәселесі қаралды
ашық дереккөзі
Кәмелетке толмағандар мәселесі қаралды
Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлының жетекшілігімен өткен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына аудандық прокуратураның аға прокуроры Жазира Миралиева, комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары (бейнебайланыс арқылы) қатысты. Басқосуда аудан әкімімен, аудандық прокуратурамен және аудандық полиция бөлімімен бірлескен Жамбыл ауданы бойынша ағымдағы жылға арналған стратегиялық іс-шаралардың, оның ішінде, «Кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ оларға қатысты жасалған қылмыстардың алдын алу және олардың профилактикасы» жөніндегі бірлескен жоспардың орындалуы талқыланды. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу, тұрмысы төмен отбасылардың тізімін жасау, сабаққа қатыспайтын балаларды, балаларға қауіп төндіруі мүмкін нысандарды, әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасыларды, сондай-ақ ата-ана міндетін дұрыс орындамайтын ата-аналарды анықтау, оларға көмек көрсету, аз қамтылған және қолайсыз отбасылар үшін жұмыс орындарына квота бөлу, жұмыспен қамту, жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу, олардың түнгі уақытта көңіл көтеру орындарына баруына тыйым салу секілді мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасаған аудандық полиция бөлімі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Мадияр Дүзелбаев, аудан әкімдігі білім бөлімінің сектор меңгерушісі Қуаныш Бақытұлы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айгерім Шынтасова қатысушыларды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бірлескен жоспардың орындалу барысы туралы хабардар етті. Комиссия отырысын қорытындылаған Ерлан Қыдыралыұлы: «Елімізде төтенше жағдай жариялануына, одан кейін карантин режимінің енгізілуіне байланысты тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізілмеген. Жоспарда көрсетілген кейбір тармақтар ішінара орындалған. Қазір елімізде жағдай тұрақталып, карантин режимі жеңілдетіліп жатыр. Жұмысты жандандыру қажет. Ендігі мақсат – аз қамтылған, жайсыз отбасыларды анықтап, оларға туындаған мәселелері бойынша көмек көрсету, жұмыссыздарын жұмыспен қамту, жұмыс орындарына квота бөлу, қауіп төндіретін қараусыз қалған нысандарды зерделеу, қоршау, ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Осы мәселелердің барлығы жоспар бойынша мерзімінде орындалуы керек», – деп тиісті сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма берді. Жамбыл ауданының баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар