жексенбі, 6 қазан, 2024 2:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қоғамдық кеңес мүшелері Жолдаудан туындайтын міндеттерді талқылады

Қоғамдық кеңес мүшелері Жолдаудан туындайтын міндеттерді талқылады
ашық дереккөзі
Қоғамдық кеңес мүшелері Жолдаудан туындайтын міндеттерді талқылады

Жуырда Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда кеңес мүшелері ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі нысаналары және оның еліміздің өсіп-өркендеуіне тигізер оңды ықпалы жөнінде пікір алмасты.

Жиын облыстық кеңестің төрағасы Әмзебек Жолшыбековтың алғы сөзімен ашылды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында қоғамдық ортаның талап-тілектері мен ұсыныс-пікірлеріне баса назар аударуды басты мақсат етіп, әлеумет пен атқарушы билік арасындағы алтын көпір міндетін атқарып отырған Қоғамдық кеңестер институтына үлкен сенім артқан болатын. Біз сол сенімнен шыға білуіміз керек. Халықтың арасына шығып түсінік жұмыстарын жүргізіп, олардың талап-тілектерін мен ұсыныс-бастамаларын атқарушы биліктің назарына жеткізе отыру маңызды. Сонымен қатар, қабылданған ұсыныстардың орындалу барысына қоғамдық бақылауды күшейтуіміз қажет.

Бүкіл әлемді әбігерге салған жұқпалы індеттің кері әсеріне қарамай облыс жұртшылығы өздерінің бұрыннан қалыптасқан жасампаз жұмыстарын үздіксіз алға жылжытуда. Ауыл шаруашылығынан бастап қала құрылысы салаларына дейінгі аралықта көптеген игі істер іске асырылып жатқандығына осы отырған бәріміз куәміз. Әлеуметтік ортаның көңілінен шығып отырған осынау ауқымды іс-шаралардың орындалуы қай деңгейде, мәдени-рухани деңгейіміздің өсуіне олардың тигізіп отырған пайдасын қалай бағалаймыз? Міне, біздер – Қоғамдық кеңестің мүшелері осы жұмыстардың бәріне мониторинг жүргізіп, оларды қоғамдық бақылауға алуымыз қажет! Президенттің «Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсу керек» деп атап айтып отырғыны да сондықтан. Бұл бізге деген үлкен сенім! Оған әрине қажыр-қайрат керек, міндет парызын өтеуге деген азаматтық ішкі тәртіп пен жауапкершілік қажет, – деді өз сөзінде кеңес төрағасы.

Басқосу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Президент Жолдауында айтылған ұстанымдар мен міндеттердің іске асырылуы – еліміздің, оның ішінде облысымыздың ары қарай дамуына аса қажетті құжат болғандығын тілге тиек етті. Өңіріміздің өндірістік-экономикалық, тұрмыстық-әлеуметтік дамуына енді жаңаша көзқарас қажет екендігін алға тартты. Отырыста, бұдан бөлек, жұртшылық пен Қоғамдық кеңес арасындағы кері байланыс жөнінде де әңгіме болды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарының бүгінге дейінгі қортындысы талқыланып, жыл аяғына дейінгі іс-шараларға толықтырулар енгізілді.

Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында кеңес мүшелері өз жұмыстарына маңызда талаптар қойып тарасты.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар