Мемлекет басшысы Mitsui компаниясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 11:35
- 81
Қазіргі уақытта кәсіпорын халықаралық жеткізу тізбегін қалыптастыруда, инфрақұрылымды дамытуда, энергетика мен өнеркәсіп салаларын өрістетуде маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысы Қазақстан экономиканың негізгі секторларында Mitsui компаниясының қызмет аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Атап айтқанда, компанияның Астанада күрделі жөндеу және құрал-жабдықтарды қайта қалпына келтіру бойынша өндірістік кешен құрылысына қатысу жоспарын мақұлдады.
Сондай-ақ өзара қызығушылық танытқан салалар қатарында аса маңызды минералдар, көлік-логистика, табиғи апаттардың алдын алуға арналған технологияны енгізу бағыттары бар.
Қазақстан Президентінің Токиоға сапары аясында Mitsui компаниясымен бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қою жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті
- авторБақытжан Бекболат
- 18 желтоқсан, 2025






