жексенбі, 7 шілде, 2024 17:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына дайындық мәселелері талқыланды

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына дайындық мәселелері талқыланды
ашық дереккөзі
Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына дайындық мәселелері талқыланды

Ағымдағы жылдың 21 қазанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау тағайындалды.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында өңірдегі сайлауды сапалы және уақытылы өткізудін дайындық мәселелері қаралды. Алдағы сайлау конституциялық мерзімде, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтеді.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов сайлау науқанының негізгі кезеңдеріне, сайлау комиссияларының сайлауға дайындық пен оны өткізу жөніндегі өкілеттіктеріне, аумақтық сайлау комиссияларының міндеттеріне тоқталды.

– Мен сіздердің назарларыңызды сайлау науқанының негізгі кезеңдеріне аударғым келеді. Дайындық кезеңіне 20 күн, кандидаттарды ұсынуға 25 күн, оларды тіркеуге 31 күн, ал сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына 29 күн беріледі. Тыныштық күні болып 2021 жылы 9 қаңтарда жарияланады, – деді Серғали Айдапкелов.

Облыс бойынша 492 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Облыс әкімі аппаратының басшысы Қанатбек Мәдібек олардың 94,9 пайызы интернетпен, 77,2 пайызы - бейнекамералармен, 93,5 пайызы - пандустармен қамтамасыз етілгенін айтты.

Аймақ басшысы барлық учаскелердің жүз пайыздық дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды. Аудан әкімдеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын   бақылауды қамтамасыз ету жүктелді.

– Коронавирустық Пандемия сайлау ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізетіні сөзсіз. Сайлаушыларға маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы ескерту қажет, – деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Ол сайлау процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сайлау науқанын ақпараттық сүйемелдеуге айрықша назар аударуды тапсырды.

Алдағы мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізімдер бойынша өтпек.

Сондай-ақ, алғаш рет заңнамалық деңгейде парламенттік оппозиция секілді ұғым енгізіліп, партиялық тізімдерде әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квота анықталып отыр.

– Мемлекет басшысы өз үндеуінде саяси жаңғырту, көппартиялық жүйені дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтық қоғамның қатысуын кеңейту бойынша шаралар қабылданғанын атап өтті, – деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев бақылаушыларға қолайлы жағдай жасауды, қоғамдық бақылауды күшейтуді, үкіметтік емес ұйымдарды тартуды тапсырды.

– Біздің міндетіміз – сайлау заңнамасы нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету және азаматтардың өз конституциялық құқықтарын жүзеге асыруы үшін тиісті жағдайлар жасау. Жамбылдықтарды азаматтық ұстаным танытуға және алдағы сайлауға белсене қатысуға, ой бірлігі мен жоғары патриотизм үлгісін көрсетуге шақырамыз. Біз еліміздің баянды болашағы үшін дауыс беруіміз керек, – деп  түйіндеді облыс әкімі.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар