Өрт сөндірушілер омартаны тілсіз жаудан аман алып қалды
- авторjambylinfo.kz
- 2 қараша, 2020
- 245
«101» телефон нөміріне Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Ақбаев көшесіндегі тұрғынүйдің ауласында шөпхананың өртенгендігі жөнінде хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына Байзақ ауданы № өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру автокөлігімен 5 адам жеке құрам шұғыл жөнелтіліп, шақырту орнына небәрі 4 минутта жеткен. Сонымен қатар аталған оқиға орнына шұғыл түрде Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру автокөлігімен 10 адам жеке құрам көмекке келіп, кезекшіліке өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері де оқиға орнынан табылған.
Өкінішке орай тұрғындар кеш хабарласуына байланысты өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін аулада тұрған «Зил 131» маркалы жүк көлігінің қозғалтқыш бөлігі және кабинасы зақымдалған. Ал шөпханада жиналған 400 түк шөп (8 тн), сондай-ақ 15 дана омарта (араның ұясы) өрт салдарынан жойылған.
Сондай-ақ қызыл жалын көрші орнласқан тұрғынүйге де жайылып, ауласындағы бастырма мен дәретхана да өртке оранған. Дегенмен от жауынгерлері тілсіз жаумен арпалысып, тұрғынүйлерді және өзге 200-ге жуық араның ұясы мен мал қора, тауық қораларды өрттен аман алып қалды. Бір қуанарлығы өрттен зардап шеккен тұрғындар жоқ.
Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Жалпы өрттің ауданы 200 шаршы метрді құраған. Өрт сағат 18.40-та ауыздықталып, сағат 19.07-де өрт жойылған.
Кәмшат Қадырjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз