сәрсенбі, 18 маусым, 2025 15:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры Дарен Тангты қабылдады

Президент Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры Дарен Тангты қабылдады
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорда мәлім етті

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры Дарен Тангты қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Әңгімелесу барысында зияткерлік меншік саласындағы Қазақстанның әлеуетін арттыруға, экожүйені нығайтуға және орнықты білім экономикасын құруға бағытталған бірлескен бастамалар талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев болашаққа бағдарланған интеллектуалды меншіктің берік негізін қалауда Ұйым еліміздің ең басты серіктесі екенін атап өтті.

Қазіргі кезде зияткерлік меншік құрамдас бөлігі бар Ұлттық инновациялық стратегияны әзірлеу жобасы іске қосылды. Бұл ғылыми зерттеулерді ынталандыруға, озық технологияларды дамытуға және жағымды инновациялық орта қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ Қазақстан Ұйыммен бірлесе отырып, Технология мен инновацияны қолдау орталығы жобасын жүзеге асырады.

Дарен Танг елімізде қабылданған шаралардың нақты нәтиже беріп жатқанын айтты. Былтыр Қазақстан Жаһандық инновациялық рейтингтегі орнын жақсартқан болатын.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар