Путин мен Трамп кездесетін орын таңдалды: бүгінге дейін не белгілі
- авторБақытжан Бекболат
- 13 тамыз, 2025
- 615
CNN телеарнасының 12 тамыз, сейсенбі күнгі дерегінше, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің Аляскадағы жоспарланған кездесуі осы базада өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұйымдастырушылар дайындық басталғаннан кейін-ақ, саммит өткізуге лайықты жалғыз қала Анкоридж екенін анықтаған. Бұл – штаттағы ең ірі қала. Ал қауіпсіздік талаптарына тек қаланың солтүстігіндегі Элмендорф-Ричардсон әскери базасы сай келген. Дегенмен Ақ үй бастапқыда Ресей басшысының АҚШ әскери нысанында болуынан қашқақтаған еді.
Ақпарат көздерінің айтуынша, кездесу орны ретінде Еуропа қарастырылмаған. Себебі Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Путинге ордер берген. Венгрия нұсқасы да болған, өйткені оның премьер-министрі Виктор Орбан әрі Путинмен, әрі Трамппен жақын байланыста.
Ресей президенті саммитті Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізуге қолайлы деп тапқанымен, Ақ үй мамыр айындағы сапардан кейін тағы бір ұзақ Таяу Шығыс сапарынан қашқан. CNN мәліметінше, Путиннің АҚШ-та кездесуге келісуі америкалық шенеуніктер үшін әрі қуанышты, әрі күтпеген жаңалық болды.
Кездесудің бір бөлігі жабық өтеді
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левиттің айтуынша, кездесудің кемінде бір бөлігі тек аудармашылардың қатысуымен, кеңесшілерсіз өтеді. Бұған дейінгі екі кездесуде де осындай форматтағы сәттер болған.
Әдетте мұндай саммитке дейін ұзақ келіссөздер жүргізіліп, айлап дайындық жасалады. Бірақ бұл жолы олай болмады. Трамптың өзі кездесуді «сынақ» деп атады. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың сөзінше: «Президент: “Мен бұл жігітпен бір үстелдің басында сөйлесуім керек. Оны өз көзіммен көруім, тыңдауым, жағдайды бағалауым керек” деп санайды».
CNN дерегінше, Мәскеуге АҚШ арнайы өкілі Стивен Уиткофф барғаннан кейін Путиннің кездесуге келіскен себебі әлі белгісіз. Саммитке екі күн қалғанда Трамптың еуропалық көшбасшылармен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғысты тоқтатудың ықтимал жолдарын талқылауы жоспарланған.
Қазақстанда Илон Масктың интернеті қосылды
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025





