Қазақстанда 13 тамыздан бастап Starlink компаниясының спутниктік интернеті ресми түрде жұмыс істей бастады.
Бұл туралы ҚР Цифрлық даму министрлігінде хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, интернет Илона Масктің SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталық спутниктер технологиясы арқылы жұмыс істейді.
Starlink технологиясы ең шалғай және қолжетімсіз өңірлердің өзінде тұрақты байланыс орнатып, халыққа заманауи цифрлық сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, – делінген министрліктің хабарламасында.
Сондай-ақ ЦДИАӨМ Илона Маск компаниясымен тиісті келісімді 12 маусымда бекіткенін еске салды.
Жабдықтың құны мен тарифтер туралы ақпаратпен компанияның ресми сайтынан танысуға болады.





